Жер телімдердің күтіміне жауаптыларды жазалады

Демалыс күндері еріген қардың суы салдарынан қала жолдарында орналасқан 7 шұңқыр қайта опырылған. Толстой – Нұркин, Шөкин – Катаев, Малайсары батырдағы қосымша жол және Шөкин – Қамзин көшелерінің қиылыстарын көлік жүргізушілері айналып өтуге тырысады. Күн жылынған сайын, қармен бірге ондағы асфальт та еруде. Үлкен шұңқырлар жеңіл машиналардың жүріс бөлшектерін зақымдайды. Қысқы күтімге алынған 7 телім бойынша коммуналшылар тәртіп сақшыларымен бірігіп, тексеріске шықты. Нәтижесінде жауаптылар жазаланды.

 

  • Демалыс күндері 7 жер теліміндегі шұңқырлар қайта опырылды. Тұрғын үй инспекциясы және тәртіп сақшыларымен оларды тексеруге кірісті. Нәтижесі бойынша Ломов 64 мекенжайына жауапты заңды тұлға әкімшілік кодекстың 631-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Назарбаев, 29 мекенжайында өткен жылы «Павлодар Водоканал» күрделі жөндеу жүргізген болатын. Қазір бұл жер де опырылды. Осыған байланысты заңды тұлғаға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды,- дейді Павлодар қаласы тұрғын үй инспециясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Темір Қасқабаев.

 

Айыппұлдан бөлек, жер телімдердің күтіміне жауаптылар күн соңына дейін шұңқырларды құммен жабуға міндеттелді. Қолайлы ауа-райы орын алған жағдайда асфальт жабынын қалпына келтіре бастайды.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа