Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Жерлестеріміз шетелден гөрі ел ішінде демалғанды құп көреді

Қоғам

16
Шілде айында павлодарлық туристік компанияға хабарласып жатқандар аз емес. Өткен жылмен салыстыруға келмейді. Демалушылар үшін Египет, Түркия бағыттары қолжетімді. Дегенмен жерлестерімізді шетелдік турлар емес, қазақстандық курорттар қызықтырады екен.

 -Қазір көбісі ішкі туризмді таңдайды. Бұл ретте, Алакөл, Бурабай, Бұқтырма демалыс орындары сұранысқа ие. Ақтау бағыты өте танымал. Ол жақтағы Каспий теңізі бойындағы қонақ үйлердің сапасы жоғары, әрі бағалар таңдауы да үлкен. Халықтың көбісі шетелге шығуға қорқатыны сезіледі, сол себепті қазақстандық курорттарға сұраныс артты, - дейді туристік компания мен виза орталығының директоры Игорь Черных.

 

Мамандардың айтуынша, демалыс базалар таңдауы мол және жалпы инфрақұрылым жағдайы тәуір Алакөлге аттанып жатқандар көп. Ол жерде сапалы жатын орынды орташа есеппен 7-8 мың тг табуға болады, оған тамақтану да кіреді екен. Бұл Баянауылдағы удай бағалармен салыстыруға да келмейді. Жасыбайда бір аптаға жақсы орын жалдау, көп жағдайда арзандатылған шетелдік турға қол жеткізгенмен тең. Бірақ шетелге де шығу мүмкін.

 

-Түркия, Египет, Араб Әмірліктеріне, Грузияға біздің Қазақстанда салынып жатқан «Спутник V» екпе паспортымен, ПТР тест арқылы өтуге болады. Тайланд, Вьетнам әзірге жабық, бірақ оларға сұраныс бар. Ашылғанын күтіп отырмыз, - дейді туристік компания директоры Игорь Черных.

 

Аталмыш сала мамандары ішкі туризм мен саусақпен санарлық шетелдік бағыттарға деген жазғы сұраныс арқасында өткен жылғы қарыздарынан кұтылуда.

 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()