• Басты бет
  • Қоғам
  • Жерлестеріміз шетелден гөрі ел ішінде демалғанды құп көреді

Жерлестеріміз шетелден гөрі ел ішінде демалғанды құп көреді

 -Қазір көбісі ішкі туризмді таңдайды. Бұл ретте, Алакөл, Бурабай, Бұқтырма демалыс орындары сұранысқа ие. Ақтау бағыты өте танымал. Ол жақтағы Каспий теңізі бойындағы қонақ үйлердің сапасы жоғары, әрі бағалар таңдауы да үлкен. Халықтың көбісі шетелге шығуға қорқатыны сезіледі, сол себепті қазақстандық курорттарға сұраныс артты, - дейді туристік компания мен виза орталығының директоры Игорь Черных.

 

Мамандардың айтуынша, демалыс базалар таңдауы мол және жалпы инфрақұрылым жағдайы тәуір Алакөлге аттанып жатқандар көп. Ол жерде сапалы жатын орынды орташа есеппен 7-8 мың тг табуға болады, оған тамақтану да кіреді екен. Бұл Баянауылдағы удай бағалармен салыстыруға да келмейді. Жасыбайда бір аптаға жақсы орын жалдау, көп жағдайда арзандатылған шетелдік турға қол жеткізгенмен тең. Бірақ шетелге де шығу мүмкін.

 

-Түркия, Египет, Араб Әмірліктеріне, Грузияға біздің Қазақстанда салынып жатқан «Спутник V» екпе паспортымен, ПТР тест арқылы өтуге болады. Тайланд, Вьетнам әзірге жабық, бірақ оларға сұраныс бар. Ашылғанын күтіп отырмыз, - дейді туристік компания директоры Игорь Черных.

 

Аталмыш сала мамандары ішкі туризм мен саусақпен санарлық шетелдік бағыттарға деген жазғы сұраныс арқасында өткен жылғы қарыздарынан кұтылуда.