• Басты бет
  • Қоғам
  • ЖОО студенттері ең озық өндірістік технологияларда жұмыс істеуді үйренбек

ЖОО студенттері ең озық өндірістік технологияларда жұмыс істеуді үйренбек

Бұл ретте, Павлодарда баламасы жоқ бірегей жабдық орнатылған.

 

- Автоматтандыру, робототехника бойынша әзірленген бағдарламамыз өткен жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігініңбілім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілді. Біз студенттердің алғашқы жинағын жасадық. Олар бүгінгі таңда біздің Павлодар облысының кәсіпорындарымен оқыту бағдарламасы шеңберінде оқиды және жұмыс беруші үшін қажетті техникалық процестерді орындай алады, - деді ИнЕУ ректоры Анастасия АЛИЯСОВА.

 

ИнЕУ-дің инженерлік-технологиялық факультетінің деканы Александр Свидерский жаңа жабдықтың еуропалық және американдық өндірістерде орнатылғанын атап өтті.

 

- Бұл студенттерді индустриядағы жабдықта жұмыс істеуге үйретуге мүмкіндік береді, яғни олар қазірдің өзінде біздің сыныптарымызда жоғары дәлдікте жұмыс істеуге дайын бола алады, - дейді ИнЕУ-нің инженерлік-технологиялық факультетінің деканы Александр Свидерский.

 

Алматы қаласының сарапшысы Александр Бетцольд осындай жабдықта жұмыс істеуге үйретеді. Айту керек, ИнЕУ - студенттерге осындай мүмкіндіктерді беретін өңірдегі жалғыз жоғары оқу орны.

 

- Қазір мен біздің дайындаманың қалай шығарылатынын көрсетемін, қайтадан өндірісте қолданылатын кез-келген құрал дайындама бола алатынын атап өткім келеді. Мысалы, біз фишкаларды өңдейміз. Кейіннен ыңғайымызға қарай түсіру, ашу жабы сынды функциялар кіреді, - дейді робототехникалық жүйелер жұмысы бойынша сарапшы Александр Бетцольд.

 

Жабдықтың құны да арзан емес. Университет оны Erasmus+ бағдарламасы аясында алған гранттың арқасында сатып алды. Алдағы жоспарда озық технологиялардың екінші партиясы тұр.

 

Авторы: Бекбол Мырзахан