• Басты бет
  • Қоғам
  • Жоғары кернеулі бағана: Павлодарлық аулада баланы тоқ соққан

Жоғары кернеулі бағана: Павлодарлық аулада баланы тоқ соққан

 

Қамзин көшесіндегі №80-үйдің тұрғындары апатты күйдегі жоғары кернеулі бағанаға шағым түсірді. Ол балалар алаңының дәл қасында орналасқан

 

Қамзин көшесіндегі көпқабатты үй тұрғындары айтуынша, электр желісін мұнда 90-шы жылдары орнатқан.

 

-Қауіпсіздік техникасы бойынша балалар алаңының қасында мұндай жоғары вольтты бағаналар болмауы керек. Олар жер астында емес, үстімен тартылған. Кабельдер 90-шы жылдары орнатылған. Әрине, қазір апатты жағдайда. Сол үшін балалар үшін ол қауіпті,-дейді ПИК төрайымы Валентина Внукова.

 

Аталмыш құрылғы адамдар үшін қауіпті дейді тұрғындар. Бұл мәселені көп жылдар бойы шенеуніктерге айтып келеді. Бірақ оған ешкім назар аудармауда.

 

- Биыл бізге энерго орталықтан, ТҮКШ және басқа да өкілдері келді. Олар ақылдасып, бірнеше күннен кейін жауап береміз деді. Содан бері қаншама уақыт өтті. Ешқандай жауапты күте алмаудамыз. Жуырда балалардың бірін тоқ соққан. Қайғылы жағдай орын алмағанша ешкім қозғалмайды,-деді Қамзин көшесіндегі №80-үйдің тұрғыны Людмила Юзюк.

 

Мәселеге тілшілер араласқаннан кейін оқиға орнына тұрғын үй инспекциясының мамандары барды. Келесі аптада олар алпауытпен бірге комиссиялық тексеріс жүргізеді.