Жыл басынан алпауытқа жылыту кемдігі бойынша 118 өтініш келіп түсті
Жыл басынан жылу желілерінде 38, ал магистральде 2 апат орын алған болатын. Алпауыт мамандары адамдарды жылусыз қалдырмау мақсатында олқылықты қысқа уақытта жоюға тырысады. Ал жылыту кемдігі бойынша өткен айда расталған деректер бар.
- Жыл басынан жылу инспекциясына жылыту кемдігі бойынша 118 өтініш келіп түсті. Олардың 95-і қаңтарда . Сол айда 19 өтініш бойынша төмен параметрлер расталды. Қалған 23 өтініш ақпан айында түсті. Қазір олар бойынша тексеріс жұмыстары жалғасуда, - дейді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші маманы Роман Гончаренко.
Жылыту кемдігі расталған мекенжайлар бойынша алпауыт ақпан айында қайта есептеу жүргізеді. Соммасы жеке келетін түбіртектерде жазылады.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа