Жыл басынан бері өңірімізде 31 өрт дерегі тіркелді

Негізгі себептер - адами факторлар. Көбісі егін салу алдында құрғақ шөпті жағады. Мемлекеттік орман қорында жақында екі жайылма өрті тіркелген.

 

-Бірінші жағдай Ертіс ауылдық округі аумағынан өрт Үрлітөбе мемлекеттік орман қорына ауысты. Жалын 10 сағаттан соң бірақ ауыздықталды. Екінші жағдайда Мичурин ауылынан шыққан өрт Павлодар орман шаруашылығына ауысты. Өрт алаңы 1,6 гектарды құрады,- дейді Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Сағын Төлеутаев.

 

Айта кету керек, өрт шыққан жердің иелері анықталған. Оларға шығынды толтыру үшін сотқа қуыным түсірген. ТЖД мамандары өртке қауіпті маусым кезінде құрғақ шөп пен қоқысты жағуда сақтық танытуға шақырады. Кері жағдайда ормандағы өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін 10-нан 1500 АЕК дейін айыппұл салынады.

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы