Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Жыл соңына дейін Павлодар аулаларында жаңа 2,5 мың шам пайда болады

Қоғам

15
Коммуналшылар бағаналарды қою жұмыстары 90 пайызға аяқталғанын мәлімдеді. Минин 40 және 42-үйлердің ауласында кешкі уақытта енді жарық болады. 17 бағана бір жарым ай бұрын қойылған. Бүгінде мердігерлік ұйым жарықдиодты шамдарды қосуға кірісті.

-Аулалардың саны көп. Ең алдымен бағаналар орнатамыз, кейін жарықдиодты шамдарды қосамыз. Барлығы жоспар бойынша кезеңмен жүргізілуде, - дейді мердігерлік ұйым қызметкері  Диас Жамалиев.

 

Биыл Павлодар қаласының орамішілік аудандарын жарықтандыруға 500 миллион теңге бөлінді. Олардың күтіміне 3 мердігерлік ұйым жауапты болады. Мамандардың айтуынша, 2,5 мың шам алмастыруды қажет етеді. Оның алдында тұрғындардан бағаналар орнатылды, алайда шамдар жоқ деген шағым көп түскен болатын.

 

-Қосу тәртібі бар. Норматив бойынша жұмыс жасалынады. Алпауыт қалалық желіге қосылуға рұқсат беру қажет. Олар келісім бергеннен кейін, біз құжат дайындаймыз. Барлық процеске уақыт жұмсалады»,- деп түсіндірді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Әлібек Оразалин.

 

Жыл соңына дейін Павлодардағы аулалардың жартысында жарық болады деп сендірді коммуналшылар. Қалғандарын 2021-де қосады. Бұдан бөлек, өткен жылы орамішілік аудандарға қарағандылық фирма жауапты болған еді. Нәтижесінде 135 нысанда олқылық анықталды. Бүгінде мердігердің үстіне сотқа қуыным жіберілді. Кепілдік мерзімі аясында барлық шамдарды жөндейтін болады.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()