• Басты бет
  • Қоғам
  • Жыл соңына дейін Павлодар аулаларында жаңа 2,5 мың шам пайда болады

Жыл соңына дейін Павлодар аулаларында жаңа 2,5 мың шам пайда болады

-Аулалардың саны көп. Ең алдымен бағаналар орнатамыз, кейін жарықдиодты шамдарды қосамыз. Барлығы жоспар бойынша кезеңмен жүргізілуде, - дейді мердігерлік ұйым қызметкері  Диас Жамалиев.

 

Биыл Павлодар қаласының орамішілік аудандарын жарықтандыруға 500 миллион теңге бөлінді. Олардың күтіміне 3 мердігерлік ұйым жауапты болады. Мамандардың айтуынша, 2,5 мың шам алмастыруды қажет етеді. Оның алдында тұрғындардан бағаналар орнатылды, алайда шамдар жоқ деген шағым көп түскен болатын.

 

-Қосу тәртібі бар. Норматив бойынша жұмыс жасалынады. Алпауыт қалалық желіге қосылуға рұқсат беру қажет. Олар келісім бергеннен кейін, біз құжат дайындаймыз. Барлық процеске уақыт жұмсалады»,- деп түсіндірді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Әлібек Оразалин.

 

Жыл соңына дейін Павлодардағы аулалардың жартысында жарық болады деп сендірді коммуналшылар. Қалғандарын 2021-де қосады. Бұдан бөлек, өткен жылы орамішілік аудандарға қарағандылық фирма жауапты болған еді. Нәтижесінде 135 нысанда олқылық анықталды. Бүгінде мердігердің үстіне сотқа қуыным жіберілді. Кепілдік мерзімі аясында барлық шамдарды жөндейтін болады.