Жылу беру маусымы аяқталуға жақын

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қалада жылу беру маусымын өткізу және келесі маусымға дайындық жұмыстары жайлы жиналыс өткізді деп хабарлайды irbistv.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылу беру маусымына дайындық барысы кезінде үш ЖЭО-дағы 15 негізгі жабдық жөнделіп, 30 шақырым жылу желілерін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Осының нәтижесінде ақауларды 20 %-ға азайту мүмкін болды.
Ағымдағы жылу беру маусымының аяқталуы мен жылумен жабдықтау желілерінде гидравликалық сынақтар жүргізудің болжамды мерзімі: оңтүстік желілік аудан бойынша 15-22 сәуір аралығында, солтүстік желілік аудан бойынша 26- 30 сәуір аралығында.
Осы іс шаралар өткен соң сынақтан өткен желілер 5-7 күн ішінде іске қосылады. Ақаулар анықталған жағдайда оларды жою және кейін ыстық суды қосу жұмыстары жүзеге асырылады.

Гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша барлық жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және Павлодарда ыстық сумен жабдықтауды толығымен қалпына келтіру оңтүстік аудан бойынша 25 мамырға дейін, солтүстік желілік аудан бойынша 31 мамырға дейін жоспарлануда.

Фото: Валерий Бугаев