Жылу мамандары Павлодарлықтың ауласын қазып тастаған

Гагарин көшесіндегі №4-үйдің тұрғындары жылу желілері мамандарының келгенін күтпеген. Бұл жағдай алғаш рет орын алып отыр дейді адамдар. Шұңқыр үйдің табалдырығына дейін қазылған. Дегенмен қызмет көрсететін ұйым мұндай жағдайдың керсінше жиі кездесетінін айтуда.

- Егер олар алдын-ала ескертсе, біз дайындалып, бақша отырғызбас едік, осы жерде ештеңе жабдықтамас едік, ешкім бізге бұл туралы ештеңе айтқан жоқ. Олар осында келіп, қоршауды алып таста, біз қазу жұмыстарын жүргіземіз деді. Әйтпесе мен қарсы емеспін. Тек ретке келтіруге көмектессе болды, - дейді Гагарин көшесіндегі №4-үйдің тұрғыны Павел Корнилов.

Қос тарап та құрлысқа рұқсат берілгеніне аң-таң. Жылу желілерінің өкілдері мұндағы аумақта тұру қауіпті дейді. Дегенмен шешім бар, дәлірек айтқанда, U-тәрізді компенсаторды қысқарту арқылы жұмыс жасалмақ. Ол тұрғын үйдің кіреберісіне енбейді.

- Көріп отырғанымыздай, осы учаскеде жылу желілерінің құбырлары өтіп жатыр, яғни П-тәрізді компенсатор, ол жылу желілері жабдықтарының қажетті бөлігі болып табылады, бізде Гагарин 4, 2 мекенжайы бойынша тұрғын үйдің жеке аумағына кіреді. Бұл жағдай 2007 жылы қала тұрғынына тікелей акт берілген кезде пайда болған. Осы учаскеде инженерлік коммуникациялардың өтуі ескерілмеген. Соның салдарынан осындай жағдай туындады, - деп түсіндрді «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас инженерінің пайдалану жөніндегі орынбасары Павел Плетухов.

Жұмыс жалғастырылады. Жылу желілері өкілдері тұрғындарға қираған үйді қалпына келтіруге көмектесетіндерін айтып уәде берді.