Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Жылу жетіспеушілігі бойынша шағым азайған

Қоғам

13
Қалалық тұрғын үй инспекциясының мамандары жылу жетіспеушілігіне байланысты шағымдардың азайғанын алға тартты. Қаламызда жалпы 1266 көпқабатты бар. Оларға жылу қыркүйек айының соңында берілді. Тұрғын үй инспекциясында параметрлер нормаға сай беріліп жатқандығы туралы айтты. Кейбір өтініштер бойынша олқылық пәтердің өзінде болған. Күнделікті адамдардан келетін өтініштерге екі жұмыс тобы тексеріске шығады. Мамандар температура өлшеп, акт толтырады.

-Бізде екі бақылау тобы бар. Олар «Павлодар жылу желілері» мамандарымен бірге тексеріске шығады. Комиссиялық зерттеуден кейін температура белгілі болады. Параметрлер нормаға сай болуы қажет. Егер де мәселе болса, бірден ПИК өкілдерімен температураны нормаға келтіру жұмысы жүргізіледі, -деді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қанат Желдібаев.

 

Күнделікті бөлім мамандарына салқын батарея бойынша 6 шағым түседі. Маусым басталғалы жылу кемдігі 61 мекенжайда тіркелді. Барлық құжаттар монополияға қарсы ведомстоға жіберілді. Қайта есептеу бойынша шешімді олар қабылдайды. Бүгіннен бастап ПИК көпқабаттылардың ауласынан қар шығара бастайды.  

 

«Штат және техникасы бар кейбір ПИК-тер қар тазалай бастады. 2-3 күн бойы қар жауып жатыр. Менің ойымша үлкен үйінділерді тез арада шығарып тастау қажет. Әрбір ауланы тексеретін боламыз. Олар қарды бір жерге жинау керек. Кейін ТҮКШ бөлімінің мердігері шығарады».

 

Кейбір қызмет көрсетуші ұйымдар өз қаражатына техника жалдай алады. Қаржы жүктемесі тұрғындарға тең бөлінеді. Естеріңізге салсақ, өткен жылы адамдарда жиналған сомма болған жағдайда, ақша қордан алынды. Болмаған жағдайда, ПИК-тің түбіртектерінде «Қар шығару» деген тармақ пайда болады. Қандай да шағым болған жағдайда тұрғындар 65-33-22 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалып, кеңес ала алады.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()