Жылуы бар пәтерлерде неге суық?
Валентина Внукова 16 көпқабатты үйдің күтіміне жауапты. Айтуынша биылғы жылыту маусымның басталуы өткен жылдармен салыстырғанда мәселеге толы болған. Айтуынша үйлерге төмен көрсеткіштер берілуде.
- Деңгей бойынша үйге 200 грамм ғана келеді. 5/8 кіріс 5/6 қайтадан шығады. Үлкен 9 қабатты 7 кіреберісі бар үйге бұл жеткіліксіз. Деңгей төмен болғандықтан жылу соңғы құбырға дейін бармайды. Жылыту маусымы басталғанда 5 қабатты үйлерде деңгей төмен болды. Сол себепті бізге тиесілі көпқабаттыларға жылу кеш берілді. Қазір температура 66 градусты құрайды, -дейді қызмет көрсетуші ұйым басшысы Валентина Внукова.
Қызмет көрсетуші ұйым басшысының айтуынша, температура кем дегенде 72-76 градус болу қажет. Шығыс 45-47. Жуырда өткен жиын кезінде шенеуніктер қазір қала бойынша жаңа магистральдердің іске қосу үдерісі өтіп жатқандығын айтты. Жүйе толықтай қосылу үшін уақыт қажет деді.