Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын кімдер жасайды?
Көпқабаттыны жылыту маусымына дайындау үлкен жұмысты қажет етеді. Ең алдымен үй ішіндегі желілердің тозу көрсеткішін тексеріп, олқылылық болмаған жағдайда, жуып-шаю шарасы орындалады. Ал жүйеде зақым анықталса, оны бірден жою қажет. Көптеген жыл бойы бұл іспен ПИК-тер айналысып жүрген. Биыл 300-ден аса көпқабаттыны алпауыт мамандары дайындайды деген шешім шығарылды. Осы ретте, қызмет көрсетуші ұйымдар өз ойларын айтты.
- Олар ешкімге тиесілі емес және жылыту маусымына жыл сайын дайындалмайтын үйлерді алса жақсы болар еді. Себебі, ПИК-тер көп уақыт бойы өздеріне тиесілі үйлерді дайындап келеді. Қызмет көрсетуші ұйымдарда өздерінің кадрлық резервтері, құрал-жабдықтары бар. Менің ойымша әрбіреуі өз ісімен айналысу қажет. Алпауыт магистральдерге жауапты. Қыстың сұрапыл аяздарында көптеген апаттар орын алды. ПИК-тердің арқасында үйлердің жылу жүйесі қатпаған, - деді «Шаңырақ» бірлестігінің төрайымы Нұрсәуле Байболатова.
Бүгінде қаладағы барлық 133 ПИК өздеріне тиесілі көпқабаттыларды жылыту маусымына дайындауда. 800-ге жуық үйлер 80-нен 100-пайызға дайындықтары бар. Жұмыстар қыркүйек айының ортасына дейін аяқталу қажет. Жыл сайын сол уақытта пәтерлерге жылу беріле бастайды.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.