Жылжымалы киіну орыны

Павлодарда артистерге арналған киіну бөлмесі пайда болды. Онда айна, орындық, киім ілгіш және бояну аймағы бар. Енді түрлі ауа райында өнер көрсетушілерге аспан астында күтудің қажеті жоқ. Әсіресе балаларға қиын болатын дейді концерт ұйымдастырушылар.

 

- Бұрын автобус немесе палаткада киінетін едік. Сұрағанымызға біраз жыл болды. Енді міне артистер жылы жерде өздерін қалыпқа келтіріп, дайындала алады, - дейді Естай атындағы мәдениет үйінің жастармен жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі Жанар Шакинбаева.

 

Киінуге арналған жылжымалы вагонға алты млн теңгедей жұмсаған. Оны кез келген жерге сүйретіп апару өте ыңғайлы.

 

Бибінұр Хамитқызы