• Басты бет
  • Қоғам
  • Жүкті әйелдер мен 12 жастан асқан балаларға салынатын «Pfizer» екпесі Павлодар облысына қашан келеді?

Жүкті әйелдер мен 12 жастан асқан балаларға салынатын «Pfizer» екпесі Павлодар облысына қашан келеді?

Ол 12 жастан асқан балаларға, жүктілігі 16-37 апта аралығындағы әйелдерге және босанғанына 42 күн өткен нәзік жандыларға салынады.   

- Біз бұл вакцинаны екі кезеңмен салуға жететеіндей ғып өтінім бердік. Алайда екпе тек өз еркімен келіскеннен кейін салынады. Бүгінгі таңда вакицна туралы оң көзқарас қалыптастыру жұмысы жалғасуда. Жүкті және босанған әйелдермен, балалардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Буратаева.

Айта кету керек, қазан айында коронавирустан 62 адам көз жұмған. Негізінен олар елуден алпыс жасқа дейінгі адамдар. Басым бөлігінің созылмалы сырқаттары болған.

 Авторы: Бибінұр Хамитқызы