• Басты бет
  • Қоғам
  • Жүкті әйелді әкеле жатқан жедел жәрдем көлігі қарға батып қалған

Жүкті әйелді әкеле жатқан жедел жәрдем көлігі қарға батып қалған

Оған Қалқаманнан көмек жібереді. Дәрігерлер әйелді шұғыл арада ауруханаға жеткізу керек деген шешім қабылдайды. Алайда жолда реанимобиль қар құрсауында қалып, 103 қызметінің кезекшісі Ақсудан тағы бір көлік жібереді. Ол да қарда қалып қоймас үшін пациентті бірінші көліктен жаяу жеткізуге тура келген. Әйел адам салған зеңбілді көтерген медицина қызметкерлері 400 метр жүріп өтіп, әріптестеріне табыстады. Науқасты Ақсу қаласы орталық ауруханасына жатқызды. Жалпы құтқару шарасы 3 сағатқа созылған дейді облыстық жедел жәрдем қызметінің баспасөз өкілдері.