• Басты бет
  • Қоғам
  • Жұмыстан шығарылған ветеринардың мәселесіне облыстық деңгейдегі мамандар араласуда

Жұмыстан шығарылған ветеринардың мәселесіне облыстық деңгейдегі мамандар араласуда

Құжаттарды зерделеген мамандар еңбек кодескі бойынша бұзушылықтарды анықтады. Нәтижесінде, облыстық ветеринарлық мекемеге ұйғарым берілді.

 

- Осы өтініштер бойынша еңбек басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізді, барысында осы қызметкерлерді заңсыз жұмыстан шығару бойынша бұзушылық анықталды, сондай-ақ, нұсқама берілді. Жұмыс беруші осы қызметкерлерді ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап еңбек өтілін қайта қалпына келтірді, - дейді Павлодар облыс еңбек басқармасының мемлекеттік инспекторы Ербол Сайфуров. 

 

 

Сонымен қатар, басқа да мәселелер бар. Олардың бірі - жалақыны кешіктіру. Адамдар мұнымен шектеліп қалмайтындарын жеткізген. Жеке істерден тәртіптік жазаларды алып тастау үшін сотқа баруға ниетті.

 

Авторы:  Бекбол Мырзахан