• Басты бет
  • Қоғам
  • Жұмыстағы жазатайым жағдайды растау үшін еңбек келісімшарты болуы міндетті

Жұмыстағы жазатайым жағдайды растау үшін еңбек келісімшарты болуы міндетті

2020 жылдың қорытындысы бойынша облыс кәсіпорындарында 108 жазатайым жағдай орын алған. Нәтижесінде 112 адам зардап шексе, осы жылдың басынан өндірісте 15 қайғылы оқиға болып, 17 адам жапа шеккен. Еңбек басқармасында кейбір жағдайда жұмыста жарақат алғанын дәлелдеу қиынға соғатынын айтты. Ал кейде жеңіл жарақат алған жұмыскерлердің өзі мұны жасыруға тырысады.

- Бізде шағын бизнес жұмыскерлері көбінесе еңбек келісімшартын талап етпейді. Бұл - өте өкінішті жағдай. Тәжірибеме сүйенсек, жазатайым жағдайды жасыру тек жұмыскер келіскен кезде ғана мүмкін болуы ықтимал. Ал жұмыскердің келісімінсіз ондай жағдайды жасыру мүмкін емес, - деді Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.  

Облыстың еңбек басқармасына жұмыста жарақат алуды жасыру бойынша 7 шағым түскен. Сол себепті профильдік ведомствода жұмыстағы жазатайым жағдайды жасырудың салдары сот тергеулерінің созылуына әкелетінін жеткізді. Нәтижесінде шығын өндіріп алу да ұзаққа созылады немесе мүлдем мүмкін емес. Кей уақытта сол орында жұмыс істегенін дәлелдей алмауы да ықтимал. Бұл ретте Асқар Қапанов көлік жуу салонында жапа шеккен Валентина Найдинаны мысалға келтірді.

- Бұл жағдайда азаматша Найдинаның да кінәсі бар. Егер ол еңбек келісімшартын жасағанда бұл сот процесі болмаса созылмас еді. Біз тергеуді 10 күн ішінде аяқтаған едік. Тек шығын өндіру ғана қалушы еді. Оны әлі көптеген сот отырыстары күтіп тұр. Дегенмен де оған қолдау көрсеткен жұртшылыққа, БАҚ және заңгерге алғысымды білдіргім келеді, - деді Асқар Қапанов.

Оқиғада әйелдің еңбек қатынасын растау мүмкін болды. Алайда екінші тарап та бұл шешімге шағымдануы мүмкін. Дегенмен де ол заңды күшіне енсе, Валентина Найдина жұмыс істеген орында тексеріс жүргізіледі. Егер жұмыс беруішінің кінәсі дәлелденсе, ол өтемақы мен мүгедектік бойынша зейнетақыны төлеуге міндеттетеледі.