• Басты бет
  • Қоғам
  • Жұртты миллион теңгеге алдаған павлодарлық әйел бас бостандығынан айырылды

Жұртты миллион теңгеге алдаған павлодарлық әйел бас бостандығынан айырылды

Павлодарлық сот үкімінде көрсетілгендей, 32 жастағы қыздың әрекетінен 90 Қазақстан азаматы жапа шеккен. Шығынның жалпы сомасы шамамен ммиллион теңге. Пәтерді жалға бергені үшін орташа есеппен 30-50 мың теңге алған. Адамдарды арзан баға қызықтырған. Қыз кінәсін мойындады.

 

-Павлодар қаласының №2 сотымен, алаяқтық, яғни, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау жолымен, бөтеннің мүлкін бірнеше рет жымқыру бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен, ол кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды. Ұялы телефондары тәркіленді,-деп мәлім етті Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева.

 

Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ. Сонымен қатар павлодарлық әйелге психикалық және мінез-құлықтық ауытқушылықтан мәжбүрлі түрде емдеу тағайындалды. Полицияда қолда жоқ пәтерлерді жалға беруге байланысты алаяқтық көп тараған. Хабарлама берушіні анықтау шынымен де қиын дейді.

 

-Қазіргі уақытта мұндай дерек өте көп. Көбінесе ЖОО оқу үшін, ірі қалаларға келетін студенттер жиі алданып қалады,-деп жеткізді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасы киберқылмыспен күрес бөлімінің жедел уәкілі Аман Әубәкіров.

 

Полицияда алдын ала төлем жасамауға шақырады. Пәтерді көзбен көріп алу керек. Және орташа бағаға сену қажет. Кейде тым арзан баға алаяқтар байланысы бар екенін нұсқайды.