Жөнделмей қалған жол телімдері анықталды

Жол бойындағы жөндеу жұмыстарының сапасын тексеретін орталық мамандарына Аққулы ауданының тұрғындары шағымданып хабарласты. Белгілі болғандай, Ақсу-Қазы-Майқарағай бағытындағы 30 шақырымды қалпына келтіру аясында 4 шақырымынан қателіктер табылды. Жер учаскелері, жөнделмей қалып қойған.

 

- Осы жоба бойынша Ақсу-Қазы-Майқарағай деген жол бағытында 4 учаскеде бір-бір шақырымнан жол телімдерінің жұмыстары өтпей қалған. Оның себебі дұрыс жобаның жасалмауы. Бізге осы ақаулықтарды тезірек жою үшін біздің тарапымыздан, ведосмтволық экспертиза тезірек өткізіп, 15-ші қыркүйекте берілген, - деді «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны павлодар облыстық филиалының басшысы Талғат Қайратхан.

 

Сараптамаға сәйкес, жергілікті әкімдік тарапынан тез арада конкурс ұйымдастырылып, олқылықты жоятын мердігер тағайындалды. Аталған жер учаскелерін реттеу жұмыстары жасалып, сараптама жасаушы мамандар жол бойын бақылап оң бағасын берді. Айту керек, орталықтың өңірлік филиалы биыл 523 жол учаскесі бойынша тексеріс жүргізіп, 521 бұзушылық анықтаған. Оның 307-сі қазіргі таңда ретке келтірілсе, өзгелері бұл бағытта жұмыстар жасап жатқан көрінеді.