• Басты бет
  • Қоғам
  • Жөндеу жұмыстарына байланысты Павлодардағы бірқатар автобустардың бағыты өзгерді

Жөндеу жұмыстарына байланысты Павлодардағы бірқатар автобустардың бағыты өзгерді

Мәшһүр Жүсіп – Толстой көшелерінің қиылысында трамвай өткелінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №126, 157 қоғамдық көліктерінің қозғалысы өзгерді. Соңғысы Толстой көшесі бойымен батыстан шығысқа қарай Желтоқсан көшесіне  бұрылып, одан кейін солға Достоевский көшесіне шығады. Бұдан соң солға бұрылып Абай көшесіне және оңға бұрылып Толстой көшесіне қайта оралады.

 

- №126 бағыт Толстой көшесі бойымен батыстан шығысқа қарай қозғалыс кезінде генерал Дүйсенов көшесіне солға бұрылу жүзеге асырылады, одан кейін оңға бұрылып Луначарский көшесіне шығады. Одан әрі оңға бұрылып Абай көшесіне және солға бұрылып Толстой көшесіне қайта оралады. Одан әрі маршрут бойынша, кері бағытта да осылай жүретін болады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің өкілі Жансерік Қапзолла.  

 

Сонымен қатар Академик Сәтпаев көшесінен Мәшһүр Жүсіп көшесіне дейінгі аралықтағы Академик Шөкин көшесінің бойымен жүретін көліктерге де су қамтушы мекеме жүргізетін  жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша өзгерістер енгізілді.

 

- Солтүстіктен оңтүстікке қарай Ак. Сәтпаев көшесімен жүре отырып, солға бұрылып, Ломов көшесіне шығады. Әрі қарай М. Жүсіп көшесіне солға бұрылып, одан кейін оңға бұрылып Академик Шөкин көшесіне шығады және әрі қарай тиісті маршрут бойынша. Кері бағытта дәл осылай жүретін болады, - деді Жансерік Қапзолла.

 

Әкімдіктегілердің айтуынша трамвай өткеліндегі жұмыстар 2 аптаның ішінде аяқталады деп жоспарланған. Ал Академик Шөкин көшесіндегі олқылықтар толық жойылғанға дейін жүргізіледі. Аяқталған соң қоғамдық көліктердің қозғалысы бұрынғы бағытына оралады.