• Басты бет
  • Қоғам
  • Жөндеу жұмыстарынан соң сол аумақты қалпына келтірмеген алпауытқа айыппұл салынды

Жөндеу жұмыстарынан соң сол аумақты қалпына келтірмеген алпауытқа айыппұл салынды

- Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің өкілдері және жергілікті полиция қызметкерлері бірігіп, Академик Сәтпаев 43, 57, 253 және Айманов 2 мекенжайларында комиссиялық тексеріске шықты. Оның алдында «Павлодар жылу желілері» ЖШС қызметкерлері жөндеу жұмыстарын өткізген болатын. Нәтижесінде абаттандыру жұмыстары уақытында орындалмағаны анықталды, - деп хабарлады Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Алпауыт әкімшілік кодекстің 505 бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 3 миллион 500 мың 400 теңгені құрайды.