• Басты бет
  • Қоғам
  • Зират басын көтеруге қатысты дау: Ленин кентінде тұрғындармен кездесу өтті

Зират басын көтеруге қатысты дау: Ленин кентінде тұрғындармен кездесу өтті

 

Ленин кентінде жаңа зираттың орны анықталып, қоршау орнатылып, ол жерге апаратын жолға жаңа асфальт салынды. Алайда, ауылдың бастамашы тобы онда шариат заңдары бойынша жерлеу рәсімін өткізуді ұсынды. Басқалары болса бұрынғыдай 7-қатар кірпіш көтеруді қалдыру керек деген ойда.

 

Ленин кентінің тұрғындары бірнеше жыл бұрын ескі зиратта орын жоқ деген мәселені көтерген болатын. Биыл қала әкімдігінің қолдауымен 12 гектар жер анықталып, онда абаттандыру жұмыстары орындалды. Бүгінде ауылдың бастамашы топ өкілдері жаңа зираттағы орынды үнемдеу, өрт қауіпсіздігі және қоқыс мәселесін алдын-алу үшін жерлеу рәсімін шариат тәртібі бойынша орындауға шақырды. Ол дегеніміз кірпіштен қоршау жасамай, тек марқұмның аты жазылған тас орнату. Павлодар облысының бас имамы да бастаманы қолдады.

 

- Қабір басын көтеру мәселесі. Қабір мәселесін көтеруді біркелкіге келтіру. Байға да кедейге де, бәріне біркелкі келтіру. Бұл жерде ешқандай жеке мүдде тұрған жоқ. Ол жерде менің фирмам, ананың фирмасы, ешқандай ондай әңгіме жоқ. Бізге керек нәрсе, Құдайдың алдына мен ертең өлемін. Алла тағала сұрайды. неге сен ысырапшылықты көре тұрып, реттемедің? Неге үгіттемедің? Шариаттың үкімдерін айтпадың?-деп жеткізді Жолдас Қоспақұлы.

 

Сондай-ақ, муфтият өкілдері ерлі-зайыптылар көп сұрайтын бірден екі орындық жер бөлуге рұқсат берді. Ал 7 қатар кірпіштер қоршау көтеру бойынша жиналғандардың ойы екіге бөлінді. Біреулері бір тәртіп бойынша жерлеуге келіссе, басқалары бұрынғыдай қалсын деген пікірлерін айтты.

 

-Мазар дегенді қою керек деп ойлаймын. Өйткені қаншама жер алады ол. Үйдің маңайындай жер кетеді. Ол бір. Одан біресе кірпіштер ұрланады, біресе тақтайлар ұрланады. Ол бір проблема. Қоршауы бар болса, ешкім онда кірмейді. Ал енді, біз мазар сала берсек, жер жетпейді бізге,-дейді ауыл тұрғындарынің бірі.

 

- Сондықтан көп халық барады бейіт басына. Жүреді ана жақтан барып басады, біз сіздің үстіңізден жүріп жүрсек жақсы ма? Сол сияқты аруағымызды сыйлайық халқым. Қоршау жасап, сол 7 қатар қойып, соған келісемін мен,-деп мұңын шақты өзге ауыл азаматы.

 

Жиналған қауым соңында бір шешімге келе алды. Мұсылмандарға бөлінген 8 гектар жердің 2-де муфтият ұсынған ереже бойынша жерлеу рәсімін өткізеді. Ал қалған 6 гектарда бұрыңғыдай, яғни 7 қатар кірпіш көтеру арқылы қоршайды. Тұрғындар бір ауыздан үлкен мазарлар салудан бас тартты.