• Басты бет
  • Қоғам
  • Зиратының тазалығына жауапты мердігер келушілерге наразылығын білдіруде

Зиратының тазалығына жауапты мердігер келушілерге наразылығын білдіруде

Алишер Конвишер ата-аналар күні қарсаңында келушілерді кем дегенде әкелген заттардың қоқыстарын жинап, жол бойына шығаруды сұрайды.Суворов зиратының жер телімі қаланың теңгеріміне жатады. Сол себепті оның күтіміне жауапты мердігер анықталып, биыл бюджеттен 6 миллион теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта зират аумағы тазартылды. Алайда, мердігер келе жатқан ата-аналар күнінен кейін барлық еңбегі далаға кетеді деген алаңдаушылығын білдірді.

 

  • Біз ата-аналар күні қарсаңында барлық келушілерді тазалық сақтауға шақырамыз. Зираттарды жинау барысында және әкелінген тағам түрлерінен қалған қоқыстарды тым болмағанда бір қапқа жинап, жолдың бойына шығаруды сұраймыз,- дейді мердігер Алишер Конвишер.

  •  

Бұдан бөлек, Алишер Конвишер жуырда желіде таралған бейнеге қатысты өз пікірін білдірді. Мердігердің айтуынша, қаңғыбастар мекен еткен зираттар шынымен де бар.

 

  • Зират аумағы тым үлкен. Біздің еншімізде 5 адам бар. Барлық аумақты толықтай бақылау қиынға соғады. Олар зираттардың арасында тығылып жатса, оларды қалай көруге болады? Күнделікті аумақты толықтай тексеріп отырсақ та, мұндай жағдайлар орын алады,- дейді мердігер Алишер Конвишер.

 

Ата-аналар күні мамырдың 3-і өтеді. Бүгінде жалпы аумағы 100 гектарды құрайтын Суворов зиратының тазалығымен 2 адам айналысады екен. Ірі көлемді қоқысты шығаруға оларға коммуналшылар көмектеседі. Сол себепті мердігер келушілерден барынша тазалық сақтауды сұрайды.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа