• Басты бет
  • Қоғам
  • «Абайлаңыз, басыңызға қоқыс түсуі мүмкін!» Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінде осындай хабарлама не себепті пайда болған?

«Абайлаңыз, басыңызға қоқыс түсуі мүмкін!» Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінде осындай хабарлама не себепті пайда болған?

Зейнеткер үйдің өзінде зорға жүреді. Аяғы жарамайды екен. Құбылмалы қысымын тексеру үшін көршісін шақыртуға тура келеді. Жақын ешкімі жоқ. ПИК қызметкерлері қоқыс құбырын жабу жайлы рұқсат сұрауға келгенде оның қарсы болғандығын ешкім пысқырмады дейді әжей.

- Мен қарсы екенімді айттым. Гипертонияға шалдыққан адаммын. Жасым 80-нен асқан. Өте қиын түсіп, көтерілу. Қыстыңгүні тіпті оңай емес. Тым болмағанда, үстіңгі қабаттағы қариялар үшін қалдырыңдаршы деп өтінім едім. Ешкім елемеді, - дейді Назарбаев көшесіндегі №285-үйдің тұрғыны Любовь Иванова.

Сол екі ортада тұрғын үйге жақында көшіп келген пәтер иелері қоқыс құбыры бітелген мекенде қойма жасап, құлып қойып үлгерген. Бұл баспана байырғыларының екі есе ашуын туғызды.

- Маған ешкім де келіп, жазбаша болсын, ауызша болсын рұқсат алып көрмеген. Үйде отырамын, бірақ ешкім сұраған емес. Келісімді бермеуші едім. Қарасам, құрылыс жұмыстарына кірісіп кетіпті, - дейді Назарбаев көшесіндегі №285-үйдің тұрғыны Галина Курасова.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы мамандары болса, бұл мәселеде меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі болса, рұқсат заң бойынша беріледі дейді.

- Тұрғын үй қатынастары жөніндегі ҚР заңнамасының 40-бабына сәйкес, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың функционалдық мақсатын қозғайтын жағдайларда, меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі талап етіледі. Өз тарапымыздан мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды назардан тыс қалдырмай, олардан рұқсат алу керек екендігін ескеруді сұраймыз, - дейді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Бақытгүл Базылова.

Арнамыздың көмегіне жүгінген Назарбаев көшесіндегі №285-үйдің тұрғындары жауапты мамандар қоқыс құбырының бітелуі мен жаңа көршілерінің құрылысы қаншалықты заңды екендігін тексеріп, қолдау көрсетуді өтінді.

 

Авторы: Дархан Бекишев