«Анамды мал ұрлады деп бекерге айыптап отыр»
Анар Жүзбасованың қызы анасын алты жастағы баламен бірге бөлімшеге алып кеткенін айтады. Және балақайды пайдаланып, психологиялық қысыммен жауап алған. Әйел 94-ші жылдан бері етпен айналысады екен. Көптеген тұрақты клиентері бар, және үнемі заң бойынша жұмыс істеген көрінеді.
- Олар етті Ресейден әкелетін, соңғы уақытта менің ағам, анам, анамның ағасы ауылдарды аралап, сол жақтардан қолдан алған. Ауылдан алған оңай, себебі өздері сойып, бөлшектеп береді, - дейді Анар Жүзбасованың қызы Назерке Битакаева.
- Мені қазір ашуландырып отырғаны қорғалушымның қамауда отырғаны. Олар не бапты растай алмауда. Ұсталу уақыты сәйкес келмейді. Мұның барлығы заң бұзушылық қой. Біз бұл құжаттарға шағымданамыз, - деді қорғаушы ҚарлығашДжамалиденова.
Қыркүйек айының басында полиция мал ұрлады деген күдікпен 10 адамды ұстағанын хабарлады. Екібастұздан жедел бейнені де жариялады. Ақпаратта қаскүнемдер қатарына ұрылар, сатушылар және ветеринарлар кіргенін көрсетті. Анар Жүзбасоваға келер болсақ, ол қамауда отырған жалғыз емес деп түсіндірді.
- Қылмыстық іс бойынша жеті күдікті тұлғаның қатыстылығын анықтау үшін тергеу жүргізілуде. Барлық күдіктіге қатысты қамауға алу шарасы қолданылған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу кезеңінде, - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.
Анар Жүзбасованың қорғаушысы тергеуде ет сатқан әйелге қатысты айғақ жоқ дейді. Тіпті оның клиенті ұрланған етті сатып алған болса да, ол үшін оны ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына енгізуға болмайды. Қазіргі таңда күдіктінің қорғаушылары прокуратураға шағым түсірген.