• Басты бет
  • Қоғам
  • «Атуға тиым салынады!»: Қаңғыбас иттермен күрес тәртібі өзгертілді

«Атуға тиым салынады!»: Қаңғыбас иттермен күрес тәртібі өзгертілді

«Атуға тиым салынады!»: Қаңғыбас иттермен күрес тәртібі өзгертілді

 

Осы уақытқа дейін бұралқы иттер атылып немесе жансыздандырылатын дәрі егу арқылы азайтылатын. Былтырдан бастап жаңа заң күшіне енді. Құжатқа сәйкес қаңғыбас ит ататындардың орнын, ит аулаушылар басты.

 

-Уақытты көп алатын болды итті аулау. Бұрын өлтіруші едік, қазір шағым түскен ауданға арнайы құрылғылар қойып, оқшаулаймыз. Құрықтармен ұстаймыз. Зиян келтірмес үшін, солай ұстауға мәжбүрміз. Ол біздің уақытымызды алады,-деді Павлодар облысы ветеринария басқармасының бөлім басшысы Ғалым Бейсенов.

 

Мылтықтың даусын естімеген иттер Павлодарда да топтасып еркін жүреді. Былай тұрсын, иелері бар болған төбеттер де көп жағдайда шап беретіндігі белгілі.

Тек биыл ғана итпен серуендеу бойынша 51 бұзушылық тіркелді. Балаларды тістеп-талау оқиғалары да үйреншікті жағдайға айналған.

 

-Иттермен серуендеу тәртібі бойынша бұзушылықтар орын алады, тұмсықтарын жаппайды, қарғы бау жоқ, итке шамасы келмейтін адамдар жүреді, жас балалар болмаса ішімдік ішкендер. Бұл бағытта 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған,-деді Павлодар қаласы полиция басқармасының аға инспекторы Дәурен Нұржанов.

 

Ауға түскен қаңғыбас иттер арнайы панаға жеткізіліп, ол жерде гистаминге қарсы курстан өткізіп, екпе салғызады. Сондай күшіктердің бірі қала тұрғыны Николай Олейников өзіне алуды жөн көрді. Айтуынша, жақында ғана өз үй жануарынан айырылып, баспанасын қорғайтын жаңа досын іздеп келген.

 

- Барлық иттер екпеден өткендігі жақсы. Бапталғаны да байқалып тұр,-дейді қала тұрғыны.

 

Айту керек, Павлодар қаласында қаңғыбас иттер паналайтын 4 мекеме бар. Үлкен қаламыз үшін бұл өте аз. Әрбір мекемеде 200-ден астам ит пен мысық тұрады. Еріктілер барлығын сыйғыза алмайды, сондықтан мемлекет тарапынан арнайы жер телімі бөлініп, қосымша нысанды іске қосу жоспарлануда.