• Басты бет
  • Қоғам
  • «Ауладағы қар мұзға айналды»: Павлодарлықтар коммуналшылардың жұмысын сынға алды

«Ауладағы қар мұзға айналды»: Павлодарлықтар коммуналшылардың жұмысын сынға алды

 

 

Демалыс күндері Павлодарда ауа температурасы +4-ке дейін көтеріліп, қар еріп, кейін көктайғақ орын алды. Сырғанақ жаяужолдарға байланысты қалалық травмотология бөлімшесіне жүгінушілердің саны артты. Ал коммуналшылар атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.

 

Сырғанақ жаяужолдарға байланысты қалалық травмотология бөлімшесіне жүгінушілердің саны артты. Бүгін яғни дүйсенбі күні таңертеннен түскі уақытқа дейін аяқ-қолдарын зақымдаған 27 науқас тіркелген.

 

-Жарақаттанғандардың басым бөлігі қол-аяқ сынғандар. Далаға көп жүре бермеу керектігі жайлы айтып жатырмыз. Көктайғақ жерде жүргенде асықпай, мұқият болу маңызды,-деді травматолог Кажен Идрисов.

 

Дәрігерлер әсіресе егде жастағы қала тұрғындарына далаға аса қажеттіліксіз шықпауға кеңес береді. Жолдарды көктайғақ уақытында қар шығармаудан басқан. Мәселеге байланысты қала тұрғындары әлеуметтік желіде шағымдарын білдіруде. Мәселен, бұл жедел жәрдем көлігі Кривенко көшесінде қарға батып қалған. Естеріңізге салсақ, биылдан бастап коммуналшылар ауладағы қар тазалаумен қатар, үйінділерді шығаруға жауапты. Оған қосымша 254 миллион теңге бөлінді. Алайда, қызмет көрсетуші ұйымдардан да шағымдар келіп түсуде. Айтуларынша, адамдар өз қаражатына арнайы техника жалдауға мәжбүр.

 

-Біріншіден адамдар коммуналшылардың техникасын көп уақыт күтті. Бірақ олар дер кезінде келмеді. Өз басым бірнеше рет өтініш қалдырдым. Жергілікті тұрғындар оларды күткенше өзіміз тазалайық деп өз қаражатына арнайы техника жалдауға мәжбүр болды. Уақытылы үйінділерді әкетпеген. Сол себепті қазір барлығын мұз басты,-дейді қызмет көрсетуші ұйымның төрайымы Валентина Внукова.

 

Сондай-ақ, павлодарлықтар коммуналшылардан кейін аулада қалатын үйінділерді сынға алды. Шенеуніктер жұмыстар күшейтілген тәртіпте жүріп жатыр деп есеп берді. Қазір аулаларда 20 арнайы көлік және 40 адам тыңбай еңбек етуде.

 

-Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Қазір біздің техниканың басым бөлігі орамішілік аумақтарда жұмыс істеуде. Ең алдымен тазалап, үйінділер пайда болады. Кейін оларды қазір полигонға шығарудамыз,-деп жеткізді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Аралов.

 

Шенеуніктер жаяужолдарда көктайғақ орын алған жағдайда 109 колл орталығына хабарласуға кеңес береді. Түнде құм себу жұмыстары қолға алынады.