• Басты бет
  • Қоғам
  • «Ақсу» ФК-ның жаңа бас бапкерін Қазақстандық футбол несімен қызықтырды?

«Ақсу» ФК-ның жаңа бас бапкерін Қазақстандық футбол несімен қызықтырды?

Бірақ, айтуынша қазақ еліне ертерек келіп, жігіттермен танысып, сапарға бірге аттану ол үшін өте маңызды болған. Тіпті алдын ала сырттай мәлімет те жинаған.

- Жиынға баратын ойыншылардың тізімін алып, міндетті түрде аттарын жазып қоюды сұрадым. Себебі футболшыларды ата тегімен атауды ұнайтпаймын. Қазақ есімдері мен үшін қиындау, бірақ үйренемін. «Ақсудың» бірінші лигадағы ойындарын көріп шықтым, - дейді «Ақсу» ФК бас бапкері Руслан Костышин.

 

Осы уақытқа дейін Костышин украиналық «Колос» клубын басқарып, ауыл намысын қорғаған команданы үлкен жеңістерге жетелеген болатын. Бұл ретте, «Ақсу» бірінші рет ұсыныс жасағанда қаражат мәселесі кедергі болуы жайлы мәліметті жоққа шығарды.

 

  • Баспасөзде бұрмаланған ақпарат шыға бастады. «Ақсумен» келіссөз жүргізілгенде, «Колос» басшылығынан рұқсат алуды сұрап едім. Себебі мен үшін өте жақын клуб. Олар келісімдерін беріп, мен «Ақсудың» ұсынсын қабылдадым. Жалақы жағы мен үшін бірінші кезекте емес, «Колостағы» қаражатпен бірдей деп айта аламын. Бапкерлік жұмыстың жаңа белесі қызықтырды, - дейді бас бапкер.

 

Сондай-ақ бапкер іріктеудің қатаң болатындығын да айтты.

 

- Әрине, алаңдағы 11 ойыншының барлығы қазақстандық, тіпті павлодарлық футбол мектебінің тәрбиеленушілері болғандығын қалар едім. Бірақ мақсатқа жету деген бар. Егер жаттығу жиыны барысында ойыншы Премьер-Лига деңгейіне сай болса, мүмкіндік беріледі. Барлығын қараймыз, - деп мәлімдеді Руслан Костышин.

 

«Ақсу» жаңа бапкерімен команда ішінде жолдастық матч ұйымдастырып, енді дайындықты Түркияда жалғастырады. Бір айға жуық жиын барысында 8 спарринг өткізіліп, құрама ойыншылары бекітіледі.