«Балалар ойнайтын орын жоқ»
Футбол алаңының бүгінгі жағдайы нашар. Шаңның арасында, тасқа толы жерде доп тебуге мұнда 5 көпқабатты үйдің балалары келеді екен. Торлы қоршауында жабық тұрған жер жоқ. Қақпаға тепсең, допты жақында орналасқан қоқыс контейнерлерінен іздеуге тура келеді.
- Газон да жоқ. Балалар жарақат алады. Және де доптың барлығы жолға да шығып кетеді. Мына жерде мусорка, онда да допта ұшып кете береді. Сеткалардың барлығы жыртық-жыртық. Доптары қайда ұшса да, сол жаққа ұша береді. Сондай-ақ, мына жерде балалар алаңы бар. Ол да барлығы тесік-тесік, шұрық-шұрық качелялардың барлығы сынық. Балалар ойнай алмайды, - дейді Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі №16-үйдің тұрғыны Гүлмира Ахметова.
Қалалық спорт бөлімінде футбол алаңы ешкімнің теңгеріміне жатпайтындығы туралы айтты. Мамандар жер теліміндегі коммуникацияларды тексеруге кірісті.
- Мәшһүр Жүсіп, 16 мекенжайы бойынша айтатынымыз, аталмыш алаңды қоршау, жасыл жабын төсеу және жарықтандыру бойынша сұрақ келесі жылы талқыланатын болады. Алдағы уақытта жер қатынастары бөлімімен бірге, жер астындағы коммуникацияларды тексереміз. Болмаған жағдайда келесі жылы алаңды жаңартуға өтініш беретін боламыз, - деді Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Руслан Дәутеков.
Мамандар болашақта құрылатын жаңа алаң стандартқа сай болмайтыны туралы ескертті. Себебі жақын маңайда ағаштар орналасқан. Ал балалар алаңы бойынша биыл жаңартылатындар тізімі қала әкімдігінің сайтында жарияланған.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.