«Баспанамыз толықтай кәріз жүйесіне айналды»

Мұнда жалпы 98 пәтер бар. Бірінші қабатты соңғы жылдары кәріз суы басуда. Адамдар өз қаражатына мамандарды шақырып, тазалайды екен. Соңғы кездері ақау жиілеп кетті.  Кейбіреулері жуынатын бөлме мен әжетханаға кіруден қалыпты. Барлық құбырлардан келетін тесіктерді киімдермен бікетіп тастаған.

 

- Өткен жылы біз модернизация бағдарламасы бойынша жұмыскерлерді шақырғымыз келді. Себебі өмір сүру мүмкін емес. Бастапқыда кейбіреулері қарсы болған, қазір барлығы келіседі. Маманды таба алмаудамыз. Ешкім үйіміздің жағдайын ретке келтіргісі келмейді. Себебі ол ескі және мәселесі жетіп жатыр, - деді Мүткенов көшесіндегі №54-үйдің тұрғыны Светлана Скоблова. 

 

 

Мүлік иелерінің бірлестігі қазан айында құрылды. Тұрғын үй инспекциясында айтқандай, бұл мәселені шешуге көмектеспеді. Адамдарға кәріз жүйесін ретке келтіру үшін 15 мың теңгеден жиналу қажет деген ұсыныс жасады. Алайда, Мүткенов, 54-те жалдап тұратындардың саны көп болғандықтан, қажетті сомма жиналмауда.

 

- Мәселе шешімін табудың екі жолы бар. Біріншісі ол тұрғындардың барлығы қаражат жинайды. Екіншісі ол «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көпқабаттыны күрделі жөндеу қажет. Мемлекеттік бағдарлама аясында қаражат несие ретінде беріледі. Тұрғындар сомманы бөліп төлейді, - деді Павлодар қаласы тұрғын үй испекциясы бөлімінің бас маманы Дархан Әзімханов.

 

Қалай болғанда да адамдарға модернизацияны бастау үшін үйдің 2/3 бөлігінің келісімі қажет. Тұрғын үй инспекциясында шатыр және инженерлік коммуникацияларға тұрғындардың өзі жауапты деп айтты.