«Базарымызды бұзбасын!»

Сауда орны 1992-ші жылдан жұмыс істеп келеді. Аудандағы бұл жалғыз нүкте. Жергілікті тұрғындар үнемі осында келеді. 30 павильонның барлығы бос тұр. Жуырда базар иесі құрылымдарын бұза бастаған. Адамдар бірден дабыл қақты. 

- Бұл базар бізге қажет. Бұл базар бізге керек. Осында біздің көкөніс, жеміс-жидек сататын кісілер Успенкадан, Павлодарскоедан, Қашырдан бәрі келеді. Өзіміздің адамдарымыз бар осында жыл бойы тұрады. 92-ші жылдан бастап тұр ол кісілер жұмыс істейді салық төлейді, - деді Айманов көшесіндегі №47-үйдің тұрғыны Жанар Саденова.

Қала әкімдігінде 2011-ші жылы аталмыш жер телімін ауылшаруашылық өнімдерін сатуға арналған дүкеннің құрылысына жалға бердік деп мәлімдеді. Кәсіпкер бірнеше рет жобалық-сметалық құжаттама дайынған еді. Алайда, қағаз ісі орнынан қозғалмады. Жалға берілген жерде коммуникациялар болғандықтан, құжаттамасы бекітілмеді.

- Мұнда кәріз жүйесінің құдығы орналасқан. Бірінші павильонның қасында жоғары кернеулі электр желісі бар. Құрылыс нормаларына сәйкес бұл қорғау аймағына жатады екен, - деді кәсіпкер Дмитрий Кофтун.

Нәтижесінде 2020-шы жылдың қыркүйек айында кәсіпкер жалдау мерзімін ұзарта алмады. Жазғы уақытта павильондарда саяжайшылар өз өнімдерін тегін сатып келген. Ал кәсіпкерлер күніне 500 теңгеден төледі.

- Біз жұмыссыз қалдық. Несиелеріміз бар. Ай сайын салық төлеп отырамыз. Базарды жаппаса деген өтініш айтамыз. Барлық жергілікті тұрғындар қолтаңба жинап, қағазды әкімдікке жібердік, - деді кәсіпкер Таус Сулипова. 

- Аталмыш жер телімі бойынша уақытша жалға беруді тоқтату қаулысы шықты. Кейін учаске иесі сотқа жүгінді. Павлодар қалалық сотының шешімі бойынша шағымданушының талабы қанағаттандырылмады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.  

Қала әкімдігінде  адамдарға алаңдаудың қажеті жоқ деді. Себебі, шенеуніктер ол жерде ауылшаруашылық өнімдерін өткізумен айналысатын жаңа павильондарды орнатады. Сауда орындары тегін беріледі.