• Басты бет
  • Қоғам
  • «Біз барлық санитарлық-экологиялық талаптарды орындаймыз!»

«Біз барлық санитарлық-экологиялық талаптарды орындаймыз!»

Дидар Бейсенбаевтың әрбір мәлімдемесі құжаттармен бекітілген. Мемлекеттік сараптама, сараптамалық қорытынды, жер тармақтары және аммиак өлшемдері де бар. Арнамыздың түсірілім тобына кронагролық сиырлардың қалдықтарын кәдеге жарату технологиясын көрсетті.

 

- Барлығын өз көздеріңізбен көріп, тексеріп, тезекті өңдеп, жою жүйесі де ойластырылған. Жануарлар нәжістері кәсіпорын аумағында сақталмайды. СЭС келіп санитарлық аумақта аммиак өлшемдерін жасады. Қоршаған ортада аммиак жоқ екендігі анықталды, - деді «Крон-Агро» ШҚ ЖШС директоры Дидар Бейсенбаев.

 

Фермадағы қалдықтар арнайы сепараторға өткізіледі. Аппарат тезектің қатты бөлігін ажыратып, дайын тыңайтқыш өңдеуден өткен соң, өткір, жағымсыз иісінен мүлдем айырылып, құрғақ шөп іспеттес болады.

 

Айту керек, «Крон-Агро» қожалығында талапқа сай жануарлар қалдықтарына арналған лагуналар бар. Бірақ олардың ішінде ештеңе жоқ. Себебі өңделген тезек сол күні кәсіпорын аумағынан егіс алқаптарына шығарылып, тыңайтқыш ретінде қолданылады.