«ЕЭК» АҚ-да Энергетиктер күнін атап өтті

«ЕЭК» АҚ әрбір қызметкерін кәсіби мерекеде өзгеше қарсы алды. Кәсіпорынның табалдырығын аттаған бойда ерекше көңіл күйді сезінесіз. Бұл жерде адамдар позитивпен зарядталады және басқалармен жағымды эмоциялармен бөліседі. Орталық кіреберісте жұмысшыларға шоколадтар таратылды, музыкамен қоса әр бұрышта мерекелік атмосфера орнады. Басты салтанатты шара - кәсіпке адал жандарды марапаттау болды.

 - Бүкіл әлемде бұл індет біздің жұмысымызға да із қалдырады. Бұл адамдардың ауырып жатқаны ғана емес. Біз аптасына жеті күн, тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуіміз керек. Біз тоқтай алмаймыз, өйткені бәрі электр қуатына байланысты. Мерекені атап өтуде де шектеу бар, өкінішке орай үлкен ұжыммен жинала алмаймыз, - деді «ЕЭК» АҚ электромонтері Николай Фиранский.

 Пандемия түзетулер енгізуде, бірақ Еуразияттық энергетикалық корпорацияның өзгермейтін дәстүрі бар. Кәсіби мерекеде құрмет тақтасы 30 үздік қызметкердің портретімен толықты. Ал «ЕЭК» АҚ президенті ерекше көзге түскен қызметкерлерге марапаттарды өзі табыс етті. Олардың қатарында алтыншы санатты электромонтер Николай Фиранский де бар. Ол «ERG-ге адалдығы үшін» төсбелгісі мен жарты миллион теңге сыйақы алды.

- Мен жөндеу персоналына тиесілімін, жабдықтарды, көтергіш механизмдерді қараймын. Энергетикасыз өмірді елестете алмаймын, бәрі электр энергиясына байланысты. Бұл менің бүкіл өмірім, мен басынан аяғына дейін бір жерде электромонтер болып жұмыс істедім. Станция, корпорация басшылығы, президент көп жылғы еңбегімді бағалағанына ризамын, - деді «ЕЭК» АҚ президенті Дүйсен Мерғалиев.

Бүгінде Ақсу электр станциясы энергетика саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Ол ERG зауыттарының барлығына дерлік қуат береді. Коронавирустық пандемияға байланысты қиындықтарға қарамастан «ЕЭК» АҚ бірқалыпты жұмыс істеуде. Жөндеу компаниясы сәтті аяқталды. Олар қыс мезгіліне толығымен дайын, сондықтан үйлер мен көшелерде жарық болады.

 

Авторы: Арнагүл Исабекова