• Басты бет
  • Қоғам
  • «ЕЭК» АҚ колледж студенттеріне экологиялық ашық сабақ өткізді

«ЕЭК» АҚ колледж студенттеріне экологиялық ашық сабақ өткізді

 

 

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ ең әуелі Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенттерімен кездесті. Жиында қоршаған ортаны ластайтын факторлар талқыланды. Сонымен қатар, әр қатысушы өзін толғандырған сауалдарын қоя алды.

Мұндай форматтағы жиын бірінші рет өкізілді. Басты мақсат – өскелең ұрпақты жастайынан табиғатты аялауға баулу. Бұл бағытта кәсіпорын қыруар шаруаларды атқаруда.

 

- Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы жыл сайын қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын өткізеді. Негізгі құралдардың қайта және күрделі жөндеуінен өзге көгалдандыру, балықтандыру шаралары белсенді түрде орындалады. Енді міне жас ұрпақты ақпараттандыру қатарға қосылып отыр,-деді «ЕЭК» АҚ қоршаған ортаны басқару жүйесінің менеджері Кристина Паршукова.

 

Сонымен қатар, білікті мамандар табиғатты ластаудың алдын алу жолдарын да айып берді. Келесі дәрісті ЕЭК экологтары жаңа оқу жылының басына жоспарлап отыр.