• Басты бет
  • Қоғам
  • «ЕЭК» АҚ қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетуден өзара сайысқа түсті

«ЕЭК» АҚ қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетуден өзара сайысқа түсті

Осылайша мамандар кәсіпорындағы оқыс оқиғаларда қандай әрекет жасау керектігін көрсетті. Әр цехтан іріктелінген 9 командаға түрлі жағдай бойынша тапсырмалар берлді.

 

Дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетудің арқасында қайғылы оқиғалар орын алмайды. Қауіпсіздік шараларын қашанда басты назарда ұстайтын «ЕЭК» АҚ қызметкерлер арасында танымдық сайыс өткізді. Әр команда түрлі жағдайларда әрекет етті.

 

- Алғашқы медициналық көмекті электр жарақатын алған адамға көрсеттік. Ең әуелі зақымдаушы факторды жойып, кейін жағдайға орай әрекет жасадық. Тапсырманы сәтті орындадық,-деді «ЕЭК» АҚ электр цехының инженері Александр Малыгин.

 

- Әлбетте, қиын жағдайлар болмасын, мұндай оқиға болған жоқ, дегенмен, кәсіпорында жұмыс жасайтын әр маман аталмыш дағдыларды білуі керек. Бүгін көп нәрсені үйрендік,-деді «ЕЭК» АҚ шаруашылық қызметінің маманы Эльнура Бектурова.

 

Бұл ретте, кәсіпорын жұмыскерлеріне арнайы симулятор арқылы жағдаяттар берілді. Құрылғыда адам денсаулығының қандай жағдайда екені жіті көрсетіледі.

 

- Арнайы жаттығу кешендері көптеген цехтарда қолданылады. Мамандар іс жүзінде алғашқы көмек көрсетеді. Кәсіпорын әр жағдайды назардан тыс шығармайды. Мұнда суға батудан бастап электр жарақатына дейінгі жағдайлардың бәрі қамтылған. Басты мақсат оқыс оқиғаның алдын алу,-деп мәлім етті «ЕЭК» АҚ электр станциясы пайдалану жөніндегі басшысы Роман Паустьянов.

 

Ал ақтық кезеңде команда мүшелерінің бәрі бар білгенін ортаға салды. Жарақат алушы бұл жолы автоматтандырылған құрылғы емес, адам болды.

 

- Мені қызметкерлердің алғашқы медициналық көмекті еш қобалжусыз еркін түсіндіріп жасағандары таң қалдырды. Тіпті бәрі дұрыс орындады. Бұл бірінші кезекті бізге үлкен көмек болады,-дейді «ЕЭК» АҚ электр станциясы медициналық бекетінің меңгерушісі Ольга Мельникова.

 

Айта кетейін, «ЕЭК» АҚ үшін әр қызметкердің қауіпсіздігі һәм өндірісте жарақаттанбауы өте маңызды. Бұл мақсатта кешенді шаралардың түр-түрі өткізіледі. Ал осы сайыста электр цехының мамандары жеңімпаз атанса, химиялық әрі жылу автоматикасы мен өлшеу цехтары екінші орынды бөліп алса, құрылыс-жөндеу цехы үздік үштікті қорытындылады.