• Басты бет
  • Қоғам
  • «Екібастұзжылуэнерго» мамандары жылдам тәртіпте кеншілер қаласындағы жеке сектор үйлерін қосумен айналысуда

«Екібастұзжылуэнерго» мамандары жылдам тәртіпте кеншілер қаласындағы жеке сектор үйлерін қосумен айналысуда

 

 

Екібастұз қаласында 27-ші қарашада орын алған апат салдарынан жылу желісінде бірден 150 ақау анықталды. Осыған байланысты жылусыз және төмен параметрлермен 200-ге жуық үй қалды. Көп қабаттылармен қатар жеке сектор үйлері де зардап шекті. «Екібастұзжылуэнерго» қызметкерлері тәулік бойы демалмай, қаладағы жылу беру үдерісін қалпына келтірді.

 

-Барлық кәсіпорындарға алғыс айтамын. Бірлескен жұмыстың арқасында аталмыш олқылықтарды қысқа уақытта жоя алдық. Өкінішке орай, біздің бригадалардың саны аз. Бұған қарамастан, адамдар бірнеше тәулік бойы қатты аязға, суық тиюге қарамастан жұмыстарын тоқтатпады. Барлығы біздің тұтынушыларымызға жылу беру үшін жасалды,-дейді «Екібастұзжылу желілері» ЖШС директоры Евгений Горват.

 

Жылу желілеріндегі олқылықты жою жұмыстарына ең алдымен «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мамандары кірісті. Кейін оларға Павлодар, Петропавл, Қарағанды, Астана және басқа да қалалардың жылу қызметкерлері қосылды. Шамамен 800 адам тынбай еңбек етті. Бірлескен жұмыстың арқасында барлық көпқабаттыларды жылуға қосу мүмкін болды. Бүгін тек жеке сектор желілерін қалпына келтіру жалғасуда.

 

-Жігіттер бар күштерін аямай күнделікті еңбек еттіі. Бізде тіпті жұмыс істеу күнтізбесі 1 тәулік жұмыс, 1 тәулік демалыс ретінде ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта, 9-шы линиядамыз. Мұнда жылу жоқтығы бойынша шағымдар келіп түсуде. Қазір жер үстімен жаңа желу тартуды шештік. Ол үш тәуліктен кейін іске қосылады,-деді «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС учаске басшысы Базарбай Жакенов.

 

Мамандардың айтуынша, қазір кеншілер қаласындағы желілердің тозу көрсеткіші тым жоғары. Бұған қарамастан жылыту маусымы аяқталғанша Екібастұздың жылу қызметкерлері әрбір олқылықты қысқа уақытта жоюға тырысады.