«Еrtis promenad» cахнасында домбыра фест өтті

Айта кету керек, игі шара осыдан 10 жыл бұрын «Жебе» ҚБ бастамасымен басталған. Шара қазақтың ұлттық өнері мен ән күйін насихаттау дейді ұйымдастырушылар. Сол себепті ең көп адам жиналатын орын ретінде жағалауды таңдаған.

 

  • Басты мақсат қазақтың қара домбырасының қасиетін арттыру, елге ұлттық өнерді насихаттау, халыққа өз өнерін паш етуге мүмкіндік беру,- дейді жобаны ұйымдастырушы Данияр Жұмаділ.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша домбыра фест енді әр сенбі сайын дәл осы жерде өткізілмек. Сол себепті оған кез келген адам қатысып, ән шырқап күй шерте алады. Ең бастысы, оларды қолдайтын көрермендер болса жеткілікті.

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы