• Басты бет
  • Қоғам
  • «Ертіс» ФК-ның экс-директоры мемлекетке 300 миллион теңгеден астам шығын келтірген

«Ертіс» ФК-ның экс-директоры мемлекетке 300 миллион теңгеден астам шығын келтірген

«Ертіс» ФК бұрынғы директорын салық төлеуден жалтарғаны үшін екі жылға қамау үкімін шығарды. Торсықпаев қоғамдық қор басшысы болған кезде 2018 жылы кіріс пен шығыс туралы мәліметтерді өзгертуді шешкен.Ол қате мәліметтерді көрсетіп нәтижесінде мемлекетке 300 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

 

- Ол аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарғаны үшін кінәлі деп танылды. Және үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы заңның 3 бабы 3 бөлімі 1 тармағыға сәйкес негізгі жазаның мерзімі мен көлемінің үштен бірі қысқарды. Нәтижесінде қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару мекемесіне екі жылға қамалды, - дейді Павлодар қалалық 2-сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева.

 

«Ертіс» ФК бұрынғы директорына үш жыл бойы қаржы және коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеуге тыйым салынды. Үкім шыққан соң Торсықпаевты сот залында қамауға алды. Естеріңізге сала кетейін, бұл футбол клубының салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталған екінші экс-басшысы. Серік Умарханов бір жылға абақтыға қамалды. Ол мемлекетке 193 миллион теңге шығын келтірген.