«Ертіс» ФК-ның үшінші экс-дирекоры сотталды

Торсықпаевты мемлекетке 300 миллион теңге шығын келтіргені үшін екі жылға, Умархановты 193 миллион теңге салық аудармағаны үшін бір жылға қамады. Басқалары секілді 3-ші экс-диреторды да салық төлемегені үшін жазалады. Дүйсембаев мемлекетке 250 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Прокурор 8 жыл сұрады, ал сотталушы кінәсін мойнына алмапты.

 

- Сотпен «Ертіс» ФК ҚҚ директорына қатысты аса ірі көлемде салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот оны кінәлі деп таныды. «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңының» 3-бабы, 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес негізгі жазасы қысқартылып оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тағайындалған жазаны қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде атқару белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ,- деп мәлімдедіПавлодар қалалық 2-сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева.