• Басты бет
  • Қоғам
  • «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» Ертіс өзеніне тұқы балығының 16 мың шабағын жіберді

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» Ертіс өзеніне тұқы балығының 16 мың шабағын жіберді

 

 

 

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» үшін бұл дәстүрлі шара көптеген экологиялық акцияларының бірі. Корпорация 2011 жылдан бастап өзенге балықтарды жіберуді қолға алған, көп жылдық тәжірибеге сәйкес мамандар барлығын жіті бақылауда ұстады.

 

- Өзенге Қарағанды облысындағы мамандандырылған балық өсіру ұйымында өсірілген, бұл ортаға толығымен бейімделген тұқы шабақтары жіберілді. Аталмыш шара Ертіс өзенінің биоалуантүрлілігін жақсартып, қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылды,-дейді «ЕЭК» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау инженері Ксения Завалко.

 

Шамамен 16 мың тұқы шабағы барлық ережелерді сақтай отырып соңғы балыққа дейін шығарылды. Суда шабақтар тез бейімделіп, Ертіс өзенінің фаунасын толықтырды. Мамандардың айтуынша, тұқы балығы бұл аймаққа өте жақсы бейімделген және қазіргі ауа райы да қолайлы.

 

- Бүгінгі таңда энергетикалық компания балық қорын ұлғайтуға сүбелі үлес қосты. Бүгін таразылағанда орташа сынама 18 грамм берді. Бұл шабақ үшін өте жақсы көрсеткіш,-деді «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы» инспекциясы Павлодар облысы бойынша балық инспекция бөлімінің бас маманы Айхат Макипов.

 

Естеріңізге сала кетсек, былтыр корпарация Ертіс өзеніне 17 мың тұқы шабағын жіберген болатын. Айта кететіні, кәсіпорын үшін табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларға әрдайым басымдылық беріледі және осы сынды экологиялық шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.