«Greenwich» бөлшек сауда желісінің 1 миллион теңгелік ұтысы ойнатылды
Көптеген сатып алушылар «Greenwich»-те жасалған сатып алуды сәтті деп атайды. Осындай атаумен ұтыс ойын ұйымдастырылды. Купондарды үш ай жинап, жеңімпаздар бөлшек сауда желісінің ресми Instagram парақшасында онлайн режимде анықтады.
- «Greenwich»-ке алғысым шексіз. Биыл алғашқы рет жолым болды. Мұндай ұтыс ойындарға үнемі қатысамын. Сәттілік маған бұйырды. Барлықтарыңызға сәттілік, саулық тілеймін және «Greenwich»-те сауда жасауға шақырамын, - дейді «Greenwich» бөлшек сауда желісінің ұтыс ойын жеңімпазы Галина Кокарева.
- «Сәтті сатып алу» ұтыс ойыны аяқталды. Біздің 10 сатып алушы 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Олардың «Greenwich»-ке деген адалдықтары үшін алғысымды айтамын. Біздің жағымды сыйлықтар осымен аяқталмайды, - деді «Greenwich» бөлшек сауда желісінің коммерциялық директоры Сажида Нажмиденова.
«Greenwich» бөлшек сауда желісінде сатып алушылар арасындағы кезекті сыйлықтар 6-шы шілдеде, елорда күні қарсаңында ойнатылады. Басты сыйлық - теледидар. Бұдан бөлек, клиенттерді компания атынан дәстүрлі жеңілдіктер мен науқандар күтеді.
