• Басты бет
  • Қоғам
  • «Greenwich» сауда желісі қарттар күніне орай жеңілдіктер мен акциялар жариялады

«Greenwich» сауда желісі қарттар күніне орай жеңілдіктер мен акциялар жариялады

«Greenwich» бүгін қарттарды даладан ыстық шаймен және тәттілермен қарсы алды. Егде жастағыларды сауда залында да түрлі жеңілдіктер күтіп тұрды. Бұл азық-түлік және сабын, жуғыш заттар жинағы. 

 

 

- Біз енді былтыр да келгенбіз, биыл да келдік. Рахмет! Мынаның қызмет көрсетуі жақсы екен. Қыздары барлығы жақсы, отандары тыныш боп дендері сау болсын! жылда осылай бізге арзандатып бере берсін, - деді жеңімпаз. 

 

 

- Бізде супермаркеттерде ауқымды жеңілдіктер мен акциялар қарастырылған. Қарттар үшін төмендетілген бағамен жинақтарды ұсынудамыз. Қазанның 4-нен бастап кезекті ұтысойын басталады. Келіп, тауар алып, бағалы сыйлықтар ұтысойынына қатысыңыздар!, - дейді «Greenwich» гипермаркетінің басқарушысы Вера Цимфер.   

 

Сауда залында кішігірім концерт қойып, зейнеткерлердің көңілін көтерді. Сонымен қатар бүгін жеңілдікпен тауар алған ата-әжелер бір реттік ұтысойынға қатысып, сыйлық ретінде түрлі заттар ұтып алды. 

 

Автор: Бибінұр Хамитқызы