«Hagi-Павлодар» фирмасы игі дәстүрін жалғастыруда

-Блокпост, карантин кесірінен тағы да жұмыссыз қалдық. Емге несие де алғанбыз. Ақшаның барлығы үй жалдауға және несие төлеуге кетеді.  «Hagi-Павлодар» фирмасына балаларыма аяқ киім әпергені үшін  алғыс айтқым келеді,- дейді бес баланың анасы Айгүл Розе.

 

«Hagi-Павлодар» фирмасы қызметкерлері Павлодардағы бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған анаға да бас сұқты. Әйел жұмыс істемейді, үйдегі әр кәмпит санаулы. Ал бүгін қонақтар келіп, тәтті-дәмдіні үйіп тастады. Кәсіпкердің қамқорлығы әйелдің көңілін босатты. Айтуынша осындай мейірбан жандар бар кезде, барлық қиындық бірден ұмытылып кетеді.