«Hagi-Павлодар» фирмасы құттықтауларын жалғастыруда

Жаңа Жылдық ертегі бүгін балалары бар әйелдерді бейімдеуге арғалған орталыққа келді. Аяз Ата мен Ақшақар бүлдіршіндерге бір қап тәттілер әкелді. Сонымен қатар түрлі ойыншықтар, оның ішінде дамытушылары да бар. Балаларға мерекені ұйымдастыруға белгілі павлодарлық кәсіпкер Георгий Шпейзер көмектесті.

 

Бейімдеу орталығындағы ғажайыпқа балалар да, үлкендер де риза. Демеушілеріне жақсы көңіл күйі мен сыйлықтар үшін алғыс айтты.

 

- Бүгін бізге өте қызықты, әрі мейірімді қонақтар «Hagi-Павлодар» келді. Балаларға сыйлықтар мен тәттілер сыйлады. Біздің орталық қиын жағдайға тап болған, өмір сүруге қаражаттары жоқ, баспанасы жоқ балалары бар әйелдерге арналған. Сондықтан оларға киімдер мен сыйлықтар алу қиын. Сондықтан біз мұндай демеушілерге әрдайым қуаныштымыз, - деді Павлодар қаласы тұрақты баспанасы жоқ балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу орталығы басшысының орынбасары Фарида Белгібаева.

 

Балалар сыйлыққа берілген жаңа ойыншықтармен ойнауға асықты. Бұл күн олардың балалығының естелігі болмақ. Ал «Hagi-Павлодар» фирмасы жаңа жылда қиындыққа тап болғандарға көмек көрсетулерін жалғастырады.