«Ирбис» телеарнасында жаңа жоба

Мәшһүр Жүсіп кесенесі Ескелді шатқалында орналасқан. Баянауылдан  кешенге дейін шамамен 120 шақырым. Жол толықтай асфальтталған. Мекенде ғұламаның жеке заттары орналасқан музейі, жерленген мазары мен қонақ үй, асхана бар. Музей меңгерушісінің айтуынша келушілер саны пандемияға дейін күніне 200-300 адамды құраған. Қазір де аз емес. 

 

 

- Жалпы біз мұсылман баласы мешітке барғанда құлшылық етеміз құдайды мойындаймыз. Мына жерде біз зиярат етіп, Алддан шапағат сұраймыз. Сондықтан жұрттың барлығы өз тілегімен, ниетімен келеді. Музей ашылғанына екі-ақ жыл болды. Бұл музейде Мәшһүр Жүсіптің құнды заттары жинақталған. Келген жамағат оның өмірімен, еңбегімен танысып рухани азық алатын орын, - дейді Мәшһүр Жүсіп музейінің меңгерушісі Әсет Пазылов. 

 

 

Әсет Пазылов туристер саны көп болғандықтан болашақта мұнда жатақхана салуды көздеп отырғандарын жеткізді. Естеріңізге сала кетсек бұл сакралды орын 2006 жылы тұрғызылған болатын. Атамекен экспедициясы одан кейін туристер арасында танымал Қоңыр әулие үңгіріне көтерілді. Бұл үңгір атам заманнан бері қасиетті саналады. Мұнда ауруынан айығып, балалы болғысы келген жұптар дертіне дауа, еміне шипа іздеп келеді. Үңгірге көтерілу үшін ағаш баспалдақпен бірнеше шақырым жүруге тура келеді.

 

- Бұл қасиетті Қоңыр әулие бізден 8-9 атаға кетіп барамыз бала күнімізден осы жерде өстік. Бұл қасиетті Қоңыр әулие үңгірі өте көне дәуірден адамзат баласының Жаратқаннан тілек тәлейтін орны болып табылады. Қоңыр әулиенің біз тұрған жерінде келген жамағат  өз амал әрекеттерін жасайды, - дейді Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аға инспекторы, өлкетанушы Алтынбек Құрманов.

 

Үңгір ұзындығы 30 метрді құрайды, биіктігі 5-7 метр. Тас үңгірдің ең соңындағы қазан тәріздес шұңқырда үнемі мөлдір су жиналып тұрады. Мәшһүр Жүсіп пен Мұса Шорман кесенесі, Баянауылдағы Мұртты қорған археологиялық ескерткіші мен Қоңыр әулие үңгірі жайлы біз Ирбис телекомпаниясында шығатын «Павлодар облысының көрікті орындары» атты бағдарламада кеңінен айтатын боламыз.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы