• Басты бет
  • Қоғам
  • «Ирбис» телеарнасының түсірілім тобы ҰОС өткен жерлерге арнайы барады

«Ирбис» телеарнасының түсірілім тобы ҰОС өткен жерлерге арнайы барады

Кездесу эмоцияға толы өтті. Павлодарлық жоғары оқу орындарының мәжіліс залында «Майдан Жолы» іздестіру жасағының сарбаздары, колледж студенттері, жастар және де Ұлы Отан соғысының ардагерін еске алуға келген жұртшылық жиналды. Ұстаз Шалқарбай Тәженов батырларымыздың мәңгілік ерлігі туралы айтып, қазіргі ұрпақ олардың арқасында бейбіт елде өмір сүріп келе жатқандығын еске салды. Салтанатты жиын аясында орден Кеңес үкіметі сарбазының шөбересі Владимир Алексеенкоға табысталды.

 

- Бүгін біздің отбасы үшін маңызды күн. Салтанатты шара аясында атамның орденін табыстады. Ол соғыстан кейін Павлодарға көшіп келген, - деді Артем Алексеенко.  

 

«Майдан Жолы» жасағының басты мақсаты - Ұлы Отан соғысы кезінде іс-түссіз жоғалып кеткен сарбаздарды жер қойнауына тапсыру. Біздің отандастарымыз Ленинград блокадасын бұзып өтіп, фин солдаттарын тоқтата алды. Жуырда жасақ жаңа жауапты экспедицияға жол жүреді.  

 

- 1 мамыр күні біз Ленинград облысына экспедицияға шығамыз, онда жоғалған қазақстандықтарды іздейміз. Олар 314-ші атқыштар дивизиясының құрамында болды. Онда Солтүстік Қазақстанның, Павлодар облысының, Петропавл қаласының тумалары соғысқан. Сондай-ақ, 5 мамыр күні ескерткіш орнатамыз, салтанатты ашылу жоспарланған. Іс-шараға әр түрлі қалалардың өкілдері қатысады: Кировск, Лодейный жері, Кингисеппа, - деді «Майдан Жолы» іздестіру жасағының командирі Александр Шитов.

 

«Ирбис» телекомпаниясының көрермендері бұл сапарға кезекті рет куә болмақ. Павлодар-Лодейное бағыты бойынша  іздеушілермен бірге біздің арнамыздың түсірілім тобы аттанады. Олар экспедицияның бар қызығын көрсететеді. Осылайша,  қызыл әскер сарбаздары жайлы айтып, Ұлы Жеңістің бәріне ортақ екеніне тағы да көз жеткіземіз. Себебі майданда қалған батырлар ерлігі еш ұмытылмас.