«Ирбис» телекомпаниясында арнайы жоба
Евгения Сушкова Ленинградтағы қиын қыстау сәттерді еске алғанда әрқашан көзіне жас келетінін айтады. Ол небәрі 12 жасында адам нанғысыз жәйттарға куә болды. Күніне сан мыңдап қырылған адамдардың қатарында жалғыз туғаны әжесі дүние салады.
- Әжем қайтыс болды. Оны өзім жерледім. Орап шанаға салып берді. Кинолардан да көрген боларсыздар, дәл солай мәйітті жерлейтін орынға алып бардым. Жұмыскерлер әжемнің денесін ортақ шұңқырға лақтырды. Кейін мені барлығымен бірге жүк көлігіне салып алып кетті, - деді Евгения Сушкова.
Эвакуациялаудың өзі біршама қиындық келтірген. Тек жолы болғандар фашисттердің бақылауынан құтылып шыққан. Бүгінде 92 жастағы кейуананың шаңырағына іздестіру жасағы қонаққа келді. Ардагеріміз Ленинградтағы сұм көріністің куәгері болса да арнайы мәртебе алмаған.
- Зейнеткерімізде блокадашы мәртебесі жоқ. "KZ жеңімпаздарының шөберелері" және "Майдан Жолы" жасағымен бірлесіп, бұл жұмысты жүргізу қажет деген шешім қабылдады. Әзірге мұны қалай жасайтынымызды білмейміз, бірақ бұл мәселені тиісінше көтеретін боламыз, шенеуніктерге жүгінеміз, - деді «Майдан жолы» іздестіру жасағының командирі Александр Шитов.
Евгения Сушкова өмірінің біраз бөлігін еңбек жолына арнапты. Бүгінде балалары мен немере-шөберелерінің қызығын көруде. Қиындықтарды еңсере білген кейіпкеріміз ең бастысы бейбіт заманның мәңгілік болғанын әрдайым тілек етіп жүретінін жеткізді.

