• Басты бет
  • Қоғам
  • «Ирбис» жаңалықтарын көрсетілген қаңғыбас итті қала тұрғыны өз қамқорлығына алды

«Ирбис» жаңалықтарын көрсетілген қаңғыбас итті қала тұрғыны өз қамқорлығына алды

Үй жануарын бұрынғы қожайындары қала сыртында лақтырып кеткен еді. Кейін оны еріктілер тауып, арнайы қайырылымдылық көрмесіне шығарған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі

 

Жужа атты күшік енді күнде Анюта есімді кішкентай қызбен ойнайды. Баланың жанұясы итті өз қамқорлығына алып, қуаныштарында шек жоқ. Жазда бұл жануарды бұрынғы қожайындары қала сыртында тастап кетіп, қаңғыбасты волонтерлар тауып алған еді. Бұл туралы «Ирбис» арнасының жаңалықтарында көрсетіліп, кейін еріктілер итті қайырымдылық көрмесіне шығарған. Соның арқасында жаңа қожайынын табу мүмкін болды.

 

-Мен иттерді фотоға түсіру үшін қайырымдылық көрмесіне келдім. Жужаны көріп, жанып ашып, оны өзіме алып қалу шешімін қабылдадым. Енді балалар мәз, жанұямыздың мүшесіне айналды,-дейді павлодарлық Валерия Тимакова.

 

-Бір ит өзіне жаңа отбасы табу үшін қанша адам ұйымдасып әрекет етті. Сондықтан қаңғыбас иттерге пана тауып, мейірімділік танытқан барша жандарға алғыс айтамыз. Қайырымдылық көрме мақсаты орындалды деп айтуға болады,-деді волонтер, қаңғыбас жануарларға арналған қоғамдық қор жетекшісі Александра Старина.

 

«Ирбис» телекомпаниясы павлодарлық жануарлар жанашырларына қолдау көрсете отырып, биыл көптеген иттерге қожайын табуға ат салысты. Бұл қаламыздың мейірімді жандарға толы екендігін, тағы бір мәрте дәлелдеуде.